«Мен көптен бері тұрмыстамын»: Альмира Тұрсын сүйінші жаңалығымен бөлісті
Альмира Тұрсын екінші рет ана атанбақ.
Томирис рөлін сомдаған актриса Альмира Тұрсын көпшілікке өзінің жүкті екенін көрсетті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл сүйінші жаңалығымен желідегі парақшасында бөлісті.
«Сіздермен қуанышты жаңалығыммен бөлісемін. 12 жылдан бері ана болуға дайындалдым. Аллаға мың шүкір! Білгілеріңіз келген және сұрақтарыңызға жауап берейін: мен көптен бері тұрмыстамын. Үлкен отбасында тұрамыз. Оның және менің балаларымен біргеміз. Ары қарай айтпай-ақ қояйын. Бақыт тыныштықты жақсы көреді», - деп жазды актриса.
Желі қолданушылары Альмира Тұрсынды құттықтап, тілектерін жазуда.
«Альмира сондай сұлусың. Қандай бақыт!», «Альмира саған денсаулық, бақыт тілеймін», «Дені сау, бақытты бала өмірге келсін» деп жазды олар.