Спорт

Ақтөбеде 15 жастағы жас футболшы көз жұмды

"Әжесі мен немере ағасы да қайтыс болды": Ақтөбелік жас футболшы қайтыс болды.

Ақтөбеде жергілікті команданың футболшысы көз жұмды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Небәрі 15 жастағы Арон Мұсаның ағасы және әжесі де қаза тапты. Бұл туралы әлеуметтік желіде “Ақтөбе” футбол клубы ақпарат таратты.

“QJ League турнирінде ойнаған “Ақтөбе” командасының 16 жасқа дейінгі құрамының футболшысы, 15 жастағы Арон Мұса өмірден өтті. Біз Аронның отбасы мен туыстарының қайғысына ортақпыз. Бұл үлкен қайғы. Онымен бірге әжесі мен немере ағасы да көз жұмды”, – делінген жазбада.

Футбол клубы Аронның отбасы мен жақындарына қайғыра көңіл айтты.

“Жаның жәннатта болсын, Арон! Аро №15 — сен мәңгі біздің жүрегіміздесің” — деп жазды “Ақтөбе” футбол клубы.

Кезекші бөлімге 12 қазан күні үйден өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түскен.

“12 қазан күні кезекші бөлімге Кутуев көшесі, 27 мекенжайында болған оқиға туралы хабар түскен. Оқиға орнына келген құтқарушылар өрттің белгілерін анықтамаған, бірақ үш адамның мәйіті табылған. Полиция қызметкерлері тергеуді бастады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қайғылы оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр”, – деп мәлімдеді полиция.

Ведомство газ жабдығына техникалық зерттеу жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.