Қоғам

Перизат Қайраттың колонияда немен айналысатыны белгілі болды

Перизат Қайраттың колонияда немен айналысатыны айтылды.

Қайырымдылыққа деп жинаған 3 млрд теңгеден астам қаражаты жымқырғаны үшін сотталған Перизат Қайрат алдағы уақытта тергеу изоляторынан қылмыстық-атқару жүйесі мекемесіне ауысады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы ішкі істер вице-министрі – ҚАЖК төрағасы Абай Қайырбеков мәлімдеді.

Перизат Қайрат колонияға жеткізілгеннен кейін мамандар оның еңбекке қабілеттілігін анықтайды. Сөйтіп оған сәйкес жұмыс түрін таңдайды.

Ол Перизат Қайрат түрлі жұмыстарға – соның ішінде тігін цехында немесе мекеменің шаруашылық бөлігінде еңбек етуге тартылуы мүмкін екенін айтты.

«Ең төменгі жалақыны олар кез келген жағдайда алады», – деді ол.