Астанада тұңғыш рет үстел теннисінен халықаралық деңгейдегі Президент кубогы өтеді
Елорлада үстел теннисінен ҚР Президентінің алғашқы ашық кубогі өтеді.
Астанада 25–29 қазаны аралығында үстел теннисінен жылдың ең ауқымды әрі беделді спорттық оқиғасы – ҚР Президентінің алғашқы ашық кубогі (President’s Open Cup) өтеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Жарыс Beeline Arena спорт кешенінде Nomad Table Tennis Academy ұйымдастыруымен, Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі және Қазақстан үстел теннисі федерациясының қолдауымен және Aspan Holding және VD Stroy Engineering компаниялары демеушілігімен өткізіледі.
Турнирдің жалпы сыйақы қоры – 115 000 АҚШ долларын құрайды. Жарысқа 250-ден астам спортшы, 50-ге жуық бапкер және 30 төреші қатысады. Қатысушылар қатарында Астана, Алматы, Шымкент, Қарағанды өңірлерінен, сондай-ақ Оңтүстік Корея, Қытай, Венгрия, Мысыр, Малайзия, Иран және Сауд Арабиясы сияқты елдерден келген теннисшілер бар.
Жарыс санаттары:
Турнир жеке және командалық жарыс түрлерінде төрт санат бойынша өтеді:
U-11 – 2014 жылы туғандар және 11 жасқа дейінгілер;
U-16 – 2009 жылы туғандар және 16 жасқа дейінгілер;
Open 17+ – 2008 жылы туғандар және одан үлкендер;
Team event – Командалық сайыс.
Астанада бір сахнада өнер көрсететін жұлдыздар:
Xu Xin (Қытай) – үстел теннисінен әлемнің экс-бірінші ракеткасы;
Fang Bo (Қытай) – әлем чемпионатының күміс жүлдегері;
Werner Schlager (Австрия) – әлем чемпионы (2003);
Joo Sae-hyuk (Корея) – әлем және Олимпиада жүлдегері.
Ел намысын қорғайтын жетекші спортшылар қатарында: Кирилл Герасименко, Алан Құрманғалиев, Айдос Кенжеғұлов, Ескендір Харки, Зәуреш Акашева, Сарвиноз Миркадирова, Жанерке Көшкімбаева және Әнел Бақыт бар.
Жарыс кестесі
• 24 қазан – қатысушылардың келуі, жаттығу, пресс-конференция
• 25 қазан – салтанатты ашылу рәсімі, жеке біріншілік (U-11, U-16)
• 26 қазан – жеке біріншілік (U-11, U-16)
• 27 қазан – командалық біріншілік және жеке жарыс (Open 17+)
• 28 қазан – жартылай финалдық кездесулер
• 29 қазан – финалдық ойындар және марапаттау рәсімі
Барлық қала тұрғындары мен қонақтары үшін турнирге кіру тегін!