Қоғам

Қарағандыда әйелдің мәйіті мен ес-түссіз жатқан полицей табылды: ІІМ басшысы пікір білдірді

ІІМ Қарағандыда әйелдің мәйіті мен ес-түссіз жатқан полицияға қатысты пікір білдірді.

Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Қарағандыдағы полиция пунктінде әйелдің мәйіті мен ес-түссіз жатқан полицейдің табылуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

ІІМ басшысы тергеу ісі жеке бақылауында екенін айтты.

"Полиция қызметкері аз да болсын күдік туғызған жаман және масқара жағдай. Қылмыстық іс қозғалды. Түрлі нұсқалар қаралып жатыр, жан-жақты тергеуді қамтамасыз етеміз, іс менің бақылауымда", - деді Сәденов Ішкі істер министрлігінде өткен брифингте.

Ол бұл оқиғаның ерекше назар аударуды қажет ететін өте маңызды жағдай екенін атап өтті.

"Әсіресе адам өлімі тіркеліп, оқиға орнында полицей болғаны, бұл жақсы емес. Сондықтан алғашқы минуттардан бастап бұл істі бақылауға алдық. Тергеу жүргізіліп жатыр, нәтижесін міндетті түрде жариялаймыз, хабарлаймыз. Нұсқалар көп", - деп қосты министр.

Еске салайық, 1 қазанда Қарағандыда полиция пунктінен әйел адамның мәйіті мен ес-түзсіз жатқан полицей табылған еді.