Мәдениет

Димаш Құдайберген Мехикода сәбидің тұсауын кесті

Әлемге әйгілі эстрада жұлдызы Димаш Құдайберген Мехикодағы Қазақстан елшілігіне барып, сондағы қазақ диаспорасының өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды KYN.KZ  интернет порталы.

Бұл жөнінде 14 қазанда ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті:

Димаш Құдайбергеннің сапарының маңызды бөлігі қазақ халқының дәстүрі мен мәдениетін насихаттауға арналды. Ол елші Алмұрат Тұрғанбековпен тоғызқұмалақ ойынында алғашқы жүрісті жасап, сондай-ақ бір жасқа толған Халид Йылдыз есімді қазақстандық сәбидің тұсауын кесіп, оның болашағына сәттілік пен жарқын жол тіледі, – делінген хабарламада.

Бұдан бөлек, БҰҰ-ның Халықаралық көші-қон ұйымы жанындағы ізгі ниет елшісі ретінде Димаш Құдайберген соғыстардың жойқын зардаптары туралы айтып, бейбітшілікке, өзара түсіністік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету жолындағы бірлескен күш-жігерге шақырды.