ІІМ Сәденов полицияны шақырғанда неше минутта келуі керек екенін айтты
Шақыру түскен кезде кезекші жақын жерде жүрген патрульді жіберіп отырады, дейді министр.
Ішкі істер министрі Ержан Сәденов патрульдік полиция шақыруға неше минутта бару қажеттігін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстанға сілтеме жасаған KYN.KZ тілшісі.
Бүгінде қалаларда патрульдік полицияның келуіне қатысты нақты уақыт белгіленген.
"Қалалық жерде нақты регламент бар. Оған сәйкес, жедел басқару орталығына түскен шақыру бойынша қызмет көрсету уақыты - 5-10 минут. Бұл талап көп жағдайда сақталады. Себебі шақыру түскен кезде кезекші жақын жерде жүрген патрульді жіберіп отырады", - деді Сәденов қоғамдық тәртіп мәселелеріне арналған үкімет сағатында.
Ал ауылды жерлерде проблема бар. Себебі аудан орталығынан шалғай жатқан ауылға жету үшін біраз уақыт керек.
"Ал бір учаскелік полицей үш-төрт ауылға қарайды. Меніңше, жедел басқару орталықтары ауылдарды да камера арқылы басқарса, соған жетсек, бұл жағдай да шешіледі", - деді Сәденов.