Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Ақтөбеде 14 жастағы қыз босанып қалды: күдікті әжесінің күйеуі

Ақтөбеде 14 жастағы қыз босанып қалды: күдікті әжесінің күйеуі
Сурет: газета.ру
Ақтөбеде үш медициналық тексеруден өткен оқушы босанды.

Ақтөбе облысының Ойыл ауданында 9-сынып оқушысы босанып қалған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Білім басқармасының мәліметінше, 14 жастағы оқушы 13 қазанда босанған.

"Жасөспірім бұған дейін үш рет медициналық тексеруден өткен: 13-18 наурыз аралығында аудандық ауруханада, 28 мамырда жазғы демалыс лагеріне тіркелу кезінде және 10 қыркүйекте ата-анасымен тексеру кезінде. Бұл жағдайлардың ешқайсысында дәрігерлер ерте жүктілік белгілерін тіркемеген", – деп хабарлады Ақтөбе облысының білім басқармасы.

Облыстық полиция департаменті бұл оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғаған.

"Қазір оқиғаның барлық мән-жайын, сондай-ақ қылмысқа ықпал еткен себептер мен жағдайларды анықтау мақсатында сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Бірқатар жедел-іздестіру және процессуалдық іс-шаралар жүргізіледі. Полиция департаментінің басшылығы тергеу барысын қадағалап отыр", – деді Ақтөбе облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Облыстық полицияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, күдікті ретінде оқушының өгей атасы, яғни әжесінің күйеуі тартылды.

Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат берілмейді.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар