Ақтөбеде 14 жастағы қыз босанып қалды: күдікті әжесінің күйеуі
Ақтөбеде үш медициналық тексеруден өткен оқушы босанды.
Ақтөбе облысының Ойыл ауданында 9-сынып оқушысы босанып қалған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Білім басқармасының мәліметінше, 14 жастағы оқушы 13 қазанда босанған.
"Жасөспірім бұған дейін үш рет медициналық тексеруден өткен: 13-18 наурыз аралығында аудандық ауруханада, 28 мамырда жазғы демалыс лагеріне тіркелу кезінде және 10 қыркүйекте ата-анасымен тексеру кезінде. Бұл жағдайлардың ешқайсысында дәрігерлер ерте жүктілік белгілерін тіркемеген", – деп хабарлады Ақтөбе облысының білім басқармасы.
Облыстық полиция департаменті бұл оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғаған.
"Қазір оқиғаның барлық мән-жайын, сондай-ақ қылмысқа ықпал еткен себептер мен жағдайларды анықтау мақсатында сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Бірқатар жедел-іздестіру және процессуалдық іс-шаралар жүргізіледі. Полиция департаментінің басшылығы тергеу барысын қадағалап отыр", – деді Ақтөбе облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат берілмейді.