Жұлдыз Әбдікәрімова екі айлық қызына сыйлық ұйымдастырды
Жұлдыз Әбдікәрімова кенже қызымен фотосессия жасады.
Әнші Қайрат Нұртастың әйелі, белгілі актриса Жұлдыз Әбдікәрімова екі айлық қызымен фотосессия жасады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл қуанышты сәтін желідегі парақшасында бөлісті.
«Рәбиа-Сұлтаншам екеуіміз күшті бір жерге бара жатырмыз. Қызықтан қалып қоймаңыздар. Қазір көрсетемін. Әр ай сайын әдемі естеліктер жасап жатырмыз. Уақыты келгенде көрсетемін», – деп жазды актриса өз парақшасының сторисінде.
Фотостудияда түсірілген суреттерін жүктеп, оқырмандарын да қуантып қойды.