Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Досымен бәстескен»: 26 қаламды бүтіндей жұтқан шымкенттікке ота жасалды

«Досымен бәстескен»: 26 қаламды бүтіндей жұтқан шымкенттікке ота жасалды
Сурет: видеодан скриншот
Шымкентте ер адам досымен бәстесіп, 26 қаламды жұтқан.

Шымкентік азамат досымен бәстесем деп 26 қаламды бүтіндей жұтып қойған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Almaty.tv. сайтына сілтеме жасап.

Алайда бұл әрекет көп ұзамай оның өміріне қауіп төндіріпті. Өзін жайсыз сезініп, асқазан-ішек жолдары қатты ауырған 38 жастағы тұрғын дереу ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер оған 2 сағат бойы ота жасап, азқазанындағы бөгде заттарды алған.

Бүгінде "батылдығын" көрсетпек болған ер адам үйіне шығарылды.

"Оған эндоскопиялық ота жасалып, тіліксіз бөгде заттар алынып тасталды. Қазіргі жағдайда науқас хирургия бөліміне жатқызылды, жағдайы бірқалыпты", – деді эндоскопист дәрігер Мұхамедәли Төлегенов.

Бөлісу:
Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар