Қазақстан жастары үшін құндылықтар қатарында отбасы бірінші орында тұр – зерттеу
Қазақстанның жастарына пікір білдіре алатын зерттеу жұмыстары жүргізілді.
«British Council» ұйымы «Қазақстанның болашақ ұрпағы» жүргізді. Зерттеу нәтижелері жарияланып, ұйым бүкіл әлем бойынша жастардың пікірін білдіруге мүмкіндік беретін «Next Generation» («Болашақ ұрпақ») платформасын ұсынады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Қазақстандағы зерттеу LSE Consulting, Орталық Азия Барометрі және жоба бойынша Консультативтік кеңес серіктестігі аясында жүзеге асырылды.
Зерттеуге 18–35 жас аралығындағы 1270 жасқазақстандық қатысты: олардың 1202-сі – репрезентативті сауалнама, ал 68-і – сұхбат пен фокус-топ форматында.
Зерттеу әдістемесі бес компоненттен тұрды:
• Қазақстанның әлеуметтік-саяси жәнедемографиялық контекстін талдауғаарналған әдеби шолу;
• жастардың көзқарасы, басымдықтары, білімі, жұмыспен қамтылуы, азаматтықбелсенділігі және жаһандық көзқарасынақатысты репрезентативті сауалнама(басқа елдерде жүргізілген «NextGeneration» сауалнамасындағы сұрақтарпайдаланылды, кейбір сұрақтар Қазақстанжағдайына бейімделді);
• жас көшбасшылармен сапалық сұхбаттар– әлеуметтік, экономикалық және саясимәселелерге көзқарасты анықтау үшін 20 жас көшбасшымен сұхбат жүргізілді;
• Астана, Алматы және Атырау қалаларында алты фокус-топ зерттеуіөткізілді. Әр қалада екі топ болды (18–24 және 29–34 жас аралығындағыреспонденттер), негізгі үш бағытқаралды: білім мен жұмыспен қамту; жастардың дауысы, цифрлық медиа мен жаңалықтар; жаһандық көзқарас;
• қазақстандық сарапшылар мен белсенділердің қатысуымен «Тоқта жәнеойлан» атты екі семинар өткізілді (офлайн және онлайн форматта).
Зерттеудің негізгі бағыттары жастардың құндылықтарына, көзқарастарына және олардың қоғамға әсер ету факторларына арналды.
Біріншіден, зерттеу көрсеткендей, жастар отбасыға бағдарланған және әлеуметтік мәртебесіне қарамастан өз шыққан тегіне мақтанады. Отбасы – олардың ең басты ықпал көзі(екінші орында достар мен құрдастар).
Бұл мәліметтер басқа зерттеулермен де үйлеседі: сауалнамаларға сәйкес, жастардың 80%-нан астамы үшін отбасы – басты өмірлік құндылық.
Жастар өз жетістігі мен бақытының өлшемін де көбіне отбасы мен жақын ортасының пікіріне сүйеніп анықтайды.
Екіншіден, қазақстандық жастар қоғамдағықиындықтарды шынайы бағалай отырып, жоғары оптимизм сақтайды.
80%-дан астам респондент елдің даму бағытымен өз болашағына сеніммен қарайды, тіпті тұрғынүй бағасының қымбаттығы мен күрделі экономикалық жағдайға қарамастан.
Әйелдер де, ерлер де өмір мен мансапқаоптимистік көзқараспен қарайды: ерлердің 86%-ы және әйелдердің 83%-ы өмір сапасына оң көзқарастанытса, 87% ер адам және 82% әйел өз кәсіби болашағына сенімді.
Үшіншіден, сандық және сапалық деректержастардың басым бөлігі Қазақстандағы білімсапасы мен оның болашағына бейтарап немесе оңкөзқараста екенін көрсетті. Жастардың 57%-ы елдегі білім беру жүйесі жақсарып келеді депесептейді.
Ең оң көзқарас 30–35 жас аралығындағыреспонденттер арасында байқалады: олардың 78%-ы білім қоғамдағы өзгерістерге серпін береді депсанайды.
Төртіншіден, жастар білімнің қоғамдыжақсартудағы өзгеріс әкелуші күшіне сенеді: олардың 70%-дан астамы білім – жаһандықмәселелерді шешудің ең тиімді құралы депесептейді.
Көпшілігі алған білімі еңбек нарығынадайындық береді деп санайды, ал табысқа жетудіңбасты дағдылары ретінде көшбасшылық, мәселелерді шешу және коммуникацияны атапөтеді. Қазақ және ағылшын тілдерін білу маңыздыбәсекелестік артықшылық ретінде қарастырылады. 80%-дан астамы шетел тілін үйренуді қажет депсанайды, себебі бұл еңбекке орналасуға (49%), сапалы білім алуға (47%) және әлеуметтікбайланыстарды кеңейтуге (47%) мүмкіндік береді.
Бесіншіден, кәсіпкерлік жастардың ерекшеқызығушылығын тудырады. Барлық жастоптарының екіден үш бөлігі алдағы бес жылда өзісін ашуға ниетті екенін білдірген.
Алтыншыдан, жастар әлемдік үрдістердің өзөміріне әсерін жақсы түсінеді. Олар Қазақстандыүш өлшемде «көпір» ретінде көреді: географиялықтұрғыдан – ірі державаларды байланыстыратын ел, дипломатиялық тұрғыдан – өңірлік сенімді делдал, ал мәдени тұрғыдан – Батыс пен Орталық Азияныбайланыстырушы буын.
Жастардың ерекше мақтанышы – Қазақстанның өңірдегі ең ірі экономика жәнекөршілес елдерге үлгі боларлық заманауи, прогрессивті мемлекет ретіндегі беделі.
Жетіншіден, экологиялық тақырып та маңыздыбағыттардың бірі. Респонденттер ауа сапасы, қалдықтарды басқару және су тапшылығымәселелеріне алаңдайды. Дегенмен, өздеріне тәноптимизммен олар бұл мәселелердің шешімінтабуға дайын екендерін көрсетеді.
Сегізіншіден, азаматтық белсенділіктің жаңатүрлері қалыптасуда. Жастар әлеуметтікмәселелерді шешу үшін бастамашыл топтар құруда(мысалы, қалалық инфрақұрылым, мүмкіндігішектеулі адамдарға көмек).
Сонымен қатар, жаңа цифрлық белсенділік түріпайда болды – әлеуметтік желілер арқылықоғамдық және экономикалық тақырыптардыталқылау. Бұл белсенділік әртүрлі формада көріністабады: өнер перформанстары, блог жүргізу, карикатура, комикс, музыка жасау, сондай-ақ экологиялық акциялар.