“Таусоғарды алып шықтық”: Айжұлдыз Адайбекова перзентханадан шықты
Айжұлдыз Адайбекова перзентханадан шықты.
Әнші Жанар Айжанова қызы Айжұлдыз перзентханадан шықты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Екінші ұлына Санат деп ат қойды. Сәбиді перзентханадан екі жақтың ата-анасы алып шықты.
"10.10.2025. Қағаров Санат Сәкенұлы. Отбасымызға қош келдің", – деп жазды Айжұлдыз жеке парақшасында.
Жанар Айжанова да қуанышын жасырмады.
"Санат батырдың отбасы осындай. Көптен күткен Таусоғарды алып шықтық. Шүкір", – деп жазды әнші.