Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

95 млрд теңге бөлінген: жұмыссыз қазақстандықтар төлем ала алады

95 млрд теңге бөлінген: жұмыссыз қазақстандықтар төлем ала алады
Сурет: vitvesti.by
Жұмыссыз қазақстандықтарға 95 млрд теңге бөлінген.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жұмыссыздар бойынша мәлімет жариялады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

1 қазандағы жағдай бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем алушылардың саны 285,2 мың адамға жеткен. Бұл ретте биыл 240,5 мың адамға төлем алғаш рет тағайындалған. Төлемнің жалпы сомасы  95 млрд теңге болды.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес азаматтар міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне және кейінгі 24 айдағы табысына байланысты 1 айдан 6 айға дейін жұмысынан айырылуы бойынша әлеуметтік төлем ала алады. Ол бұған дейінгі кірістің 45%-ына дейінгі мөлшерде МӘСҚ қаражаты есебінен төленеді.

  • eGov.kz порталында тіркелу;
  • "Жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту" бөлімінде "Жұмыс іздеуші адамдарды тіркеу" қызметін таңдау;
  • онлайн қызметке тапсырыс беріп, барлық жолды толтыру және оған ЭЦҚ-мен қол қойып, өтінішті жіберу қажет;
  • бір күн ішінде тұрғылықты жеріңіздегі мансап орталығы бос жұмыс орындарын ұсынады;
  • жұмыс табылмаса, 3 жұмыс күні ішінде қашықтан жұмыссыз мәртебесі беріледі (қажет болған жағдайда сізге МО қызметкері қосымша ақпарат жинау үшін хабарласады);

Бұл қызметті онлайн режимде электрон еңбек биржасы (enbek.kz) арқылы да алуға болады.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар