Қоғам

"Істі бітіргеннен кейін сыра ішеміз": Атырауда 23 жастағы қыздың өліміне күдіктілер бір-біріне хат жазған

Атырауда 23 жастағы қыздың өліміне қатысты сот отырысы басталды.

Атырауда 23 жастағы Яна Легкодимованың өліміне қатысты сот отырысы өтіп жатыр. Прокурор күдіктілер арасындағы хабарламалардың мәтінін жариялады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы “Ақ Жайық” порталы жазды. 

23 жастағы қыздың өліміне 24 жастағы инженер Ризуан Хайржанов пен 25 жастағы электрик Алтынбек Катимов айыпталуда.

Тергеу мәліметінше, кісі өлтіру алдын ала жоспарланған және ерекше қатыгездікпен жасалған.

Хайыржанов Яна Легкодимовамен Атыраудағы мұнай және газ университетінде оқып жүрген кезінде танысқан. Екеуінің арасында қарым-қатынас орнаған, алайда жігіт оның алдында өзінде тұрақты сүйіктісі бар екенін жасырып жүрген. Яна бұны білгеннен кейін олардың арасында жанжалдар басталған. Яна бәрін Хайыржановтың қызына айтып, қарым-қатынасты тоқтатпақ болған.

Әшкереленуден қорыққан Хайыржанов Легкодимованы өлтіруге шешім қабылдайды. Ол танысы Катимовұа көмегі үшін 500 мың теңге ұсынған. Катимов келісім берген.

Олар "ВКонтакте" мессенджері арқылы кісі өлтірудің мүмкін тәсілдерін талқылаған: тұншықтыру, улау, суицид түрінде көрсету, балконнан итеріп түсіру немесе суға батыру.  Күдіктілердің хабарламасы арқылы қылмыстың қалай дайындалғаны және жасалғаны анықталған. 

"Әлі ұйықтап жатыр, денесі жылы, тірі", "Істі бітіргеннен кейін сыра ішеміз", –  деп жазған айыпталушылардың бірі.

“Тұншықтыр, мойнын сындыр”, – деп жауап берген екіншісі.

Оған қоса күдіктілер “мәйітті қалай жасыру”, “қылмыстың соңынан із қалдырмау” туралы да өзара хабарлама алмасқан.

“Толығымен өртеніп кетпейді, сүйектері қалады”, – деп еркін хабарлама жіберген күдіктінің бірі.

“Үйде тазалық жаса қазір, барлығын тазала”, – деген хабарламалардан қалай іздерін жасырғандарын да байқауға болады.

“Мен сен үшін өлтірдім”, – деп жасаған қылмыстары туралы жазады. 

Қылмыстан кейін олар мәйіттен құтылып, сыра мен виски ішуге кеткен. Хабарламалардың ешқайсысында қорқыныш не өкініш жоқ. Тек қысқа сөйлемдер, күнделікті әңгімелер мен күлкілі эмодзилер ғана болған.

Сот деректеріне сәйкес, Ризуан Янаны көлікте тұншықтырған, ал Алтынбек қыз сыртқа шығып кетпес үшін есікті ұстап тұрған. Кейін олар мәйітті Талдықөл жаққа апарып, Жайық өзеніне тастаған.