«Қандай масқара!»: Алматыда блогер есту қабілеті нашар таксистті мазақ қылған
Есті қабілеті нашар жүргізушіні мазақ еткен блогер сынға қалды.
Алматылық блогер Нұрила Аманбаева есту қабілеті нашар таксисті мазақ етіп, сынға қалды, деп хабарлайды KYN.KZ
Есту қабілеті нашар таксистке отырған блогер көлік ішінде баласы екеуі шулап, жүргізушіні рұқсатынсыз видеоға түсірген. Желі қолданушылары блогер бұл әрекетімен ер адамды кемсітіп отырғанын жазуда.
Артынша Нұрила кешірім сұрап, бұл америкалық тренд екенін айтқан. Ол видеоны әзіл ретінде түсіргенін, ешкімді ренжіту мақсатында жасалмағанын айтты.
«Видеоны түсірген соң бірнеше сағаттан соң өшіріп тастадым. Себебі бұл әрекетім дұрыс болмады. Адамдар, шын жүректен ұяламын. Біреудің көңіліне тиген болсам кешірім сұраймын. Енді мұндай қайталанбайды», - дейді блогер.
Адвокат Джохар Өтебеков таксиске заң тұрғысынан көмектесуге дайын екенін жазған.
"Қандай масқара! Құрметті жүргізуші, маған жеке жазыңыз. Біз бұл тиктокерді сотқа береміз! Бұл сіз үшін тегін болады", – деп жазды.
Блогер желідегі даудан кейін өз әрекетіне түсініктеме берді.