Экс-министр Нұрлан Байбазаров Президент Әкімшілігінде жаңа қызметке тағайындалды
Нұрлан Серікұлы Байбазаров ҚР Президенті Әкімшілігінің Инвестициялар және сауда бөлімінің меңгерушісі лауазымына келді.
Нұрлан Байбазаров Президент Әкімшілігінің Инвестициялар және сауда бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды, - деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысының өкімімен Нұрлан Серікұлы Байбазаров Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Инвестициялар және сауда бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.
Еске салайық, 2024 жылғы желтоқсанда Нұрлан Байбазаров Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары - ұлттық экономика министрі қызметінен босатылған болатын.