Қоғам
«Қорқақ кішкентай бала сияқтысың»: Димаш Құдайберген сарапшы Олжас Байділдиновке шүйлікті
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 16:10
- 32

Димаш Құдайбергенов Олжас Байділдиновті сынға алды.
ҚР халық әртісі Димаш Құдайберген мұнай және энергетика саласының сарапшысы Олжас Байділдиновке ашуланды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Өнер иесі оны балаға теңеді.
"Біз, қазақтар, әлемнің барлық тілдерін құрметтейміз. Бірақ құрмет өзіңнен басталады. Өз тілінен ұялған, өзгенің мақұлдауына ұмтылған адам сөзін емес – тамырын жоғалтады. Олжас, сен сияқты арандатушыны жұмыстан шығарады деп үміттенемін. Сен қорқақ кішкентай бала сияқтысың. Қазақша білмеген соң қазақ тілінде жазбадым", – деп жазды Димаш Құдайберген.
Айта кетсек, сарапшы қоғамдық көліктегі жолақы құнын 500 теңге болуы керек деп мәлімдеген болатын. Оның бұл пікірі желі қолданушыларының жаппай наразылығын туғызды.