Мәдениет

«Ерекше балалары бар отбасыларға қолдау»: Төреғали Төреәлі 10 жасар қызы Кәусарға ән арнап, қор ашты

Төреғали Төреәлі ерекше балалардың емделуіне және қоғамда бейімделуіне көмек ретінде қор ашты.

Танымал әнші Төреғали Төреәлі ерекше қызы 10 жасар Кәусарға арнап жаңа ән арнады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Өнер иесі бұл туындысы арқылы әкелік сүйіспеншілігін білдіріп ғана қоймай, сонымен қатар ерекше балалары бар отбасыларға қолдау көрсету ниетінде жазған. Әнші өзінің табысының 10 пайызын арнайы құрылған «Кәусар» қорына аудармақ. Бұл туралы Айгүл Мүкей желідегі парақшасында бөлісті.

«Төреғали өзінің Әнші бұл туындысын тек әкелік сүйіспеншіліктің белгісі емес, сонымен қатар ерекше балалары бар отбасыларға қолдау көрсету бастамасы ретінде ұсынды. Төреғалидің қызы Кәусардың ерекше диагнозы бар екенін өнер иесі бұған дейін де ашық айтқан еді.
Бүгіннен бастап ол өз табысының 10 пайызын арнайы құрылған фондқа аударуға шешім қабылдады. Жаңа фондтың атауы — «Кәусар».
Бұл фондтың басты мақсаты — ерекше қажеттілігі бар балалардың емделуіне, дамуына және қоғамға бейімделуіне көмек көрсету.
Фондтың жұмысын Төреғалидің жары Толқын басқарады», - деп жазды ол.