«Бір бөлмелі пәтердің құны»: Төреғали Төреәліге қарындасы қымбат сыйлық берді
Төреғали төреәлі туған күнінде қарындасынан қымбат сағат сыйлыққа алды.
Төреғали Төреәлінің қарындасы Фариза ағасының туған күніне ерекше сыйлық берді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Өнер иесі 33 жасқа толып отыр.
“Аллам осы сыйластығымыздан айырмасын. Игілігіңізге, рахатыңызға, жақсы күндерде тағып жүріңіз. Сіз ең жақсыға лайықсыз! Туған күніне не сыйласақ дегенде осы сағат ойымнан кетпей жүрді. Сөйтсек, ағам да қалап жүрген екен. Қалай сезіп қоямын, иә. Дарханға да ойым ұнап, ниетімізге орай сатылымда бар болды. Бұйырған деген осы", – деп жазды Фарзиа Төреәлі.
Сыйлыққа қуанған Төреғали да өмірінде бірінші рет Rolex сағатын тағып тұрғанын жеткізді.
“Мен Rolex сағат тақтым ғой, ардақты ағайын. Шынымды айтайын ба? Бүгін енді туған күнім ғой. Туған күндегі "потолок" сыйлық осы болды. Маған қатты ұнағаны. Ең қатты ұнағаны осы сағат болды”, – деді Төреғали.
Желі қолданушылары әншіні туған күнімен құттып, сағаттың құнын санады.
“5-6 миллион теңге тұратын сыйлық сыйлау үшін қандай бай болуым керек”, “Бір бөлмелі пәтердің құны екен”, “Оригинал еместерінің өзі 500 мың теңге тұрады екен” деп жазды көпшілік.