Саясат

Тоқаев үкіметке осы аптаның соңына дейін елдегі экономикалық ахуалды тұрақтандыруға қатысты тапсырма берді

Мемлекет басшысы Олжас Бектеновке елдегі экономикалық жағдайды тұрақтандыруға қатысты шара қабылдауды тапсырды.

Мемлекет басшысы премьер-министр Олжас Бектеновке тапсырма берді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновке осы аптаның соңына дейін азаматтардың мүддесін ескере отырып, Үкіметтің экономикалық реформалар бағдарламасын іске асыру үдерісін реттеуге қатысты нақты шаралар әзірлеуді тапсырды.

“Үкіметке шағын және орта бизнесті қолдауға, инвестициялық ахуалды жақсартуға, сондай-ақ елдегі экономикалық жағдайды тұрақтандыруға бағытталған түзетулер енгізіп, қажетті шешімдер қабылдау міндеті жүктелді.

Мемлекет басшысы үкіметтің экономикалық саясатының негізгі параметрлері Қазақстанның стратегиялық мүддесіне сай келеді. Сонымен қатар онда жаһандық конъюнктура мен қазіргі нарықтық үрдістер ескерілген деп санайды”, – делінген хабарламада.