Депутат қазақстандықтар көлікті қалағанынша қыздыра алатынын мәлімдеді
Томирис Тоныкөк
Қазақстандықтар көліктерін қыздыра алады, бірақ өзгеге кедергі келтірмеуі керек.
Қазақстандағы жол қозғалысы ережелері көлікті қыздыру уақытын шектемейтін болды. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Марат Қожаев мәлімдеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі .
Қазақстандықтар көлікті қалағанша жылыта алады, алайда өзгенің мазасын алмау керек.
"Басқаларға кедергі жасамай, аулада ыңғайсыздық тудырмасаңыз, шу шығармасаңыз, моторды айналдырмай, айналаны ластамасаңыз, көлікті қалағаныңызша қыздыруға болады. Бұл жерде әңгіме көлікті қыздыруда емес, көршілердің мазасын алмауда", – деді Қожаев.
Жол қозғалысы ережелерінде 5 немесе 10 минут деген шектеу көрсетілмеген.
Айта кетсек, қазақстандықтарға тұрғын үй аулаларында автокөліктің қозғалтқышын 5 минуттан артық жылытуға тыйым салынған. 2025 жылдың қаңтар айында бұл ережені бұзғандарға 5 АЕК (19,6 мың теңге) көлемінде айыппұл салынатыны, ал қайталанған жағдайда – 10 АЕК (39,3 мың теңге болады делінген.