Қоғам

«СҚ-Фармация» компаниясына қатысты қылмыстық іс қозғалды

ҚМА «СҚ-Фармация» компаниясына қатысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

«СҚ-Фармация» компаниясына қатысты бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов мәлімдеді.

«Бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Тергеу жүріп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, өзге деректерді жариялай алмаймын», – деді Елемесов Сенат кулуарында.

Айта кетсек, бұған дейін Бас прокуратура «СК-Фармация» компаниясына қатысты тергеу бастаған еді.