Құлағы нашар еститін такси жүргізушісін мазақ етіп, видеоға түсірген блогер полиция бөлімшесіне жеткізілді
Құлағы нашар еститін такси жүргізушісін мазақ еткені үшін блогерді полиция бөлімшесіне алып кетті.
Құлағы нашар еститін такси жүргізушісін мазақтап, видео түсірген блогер полиция бөлімшесіне жеткізілді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Блогерге түсіндіру жұмысы жүргізілген.
«Әлеуметтік желілерде 15 қазан күні блогердің мылқау такси жүргізушісіне құрметсіздік танытқан бейнежазбасы таралды. Алмалы аудандық полиция Басқармасының қызметкерлері бейнежазба авторының жеке басын анықтап, оны полиция бөлімшесіне жеткізді. Қыз балаға қатысты түсіндіру және алдын алу әңгімесі жүргізілді, оның мақсаты – мұндай әрекеттердің қайталануына жол бермеу. Ол өз кінәсін мойындап, өкінетінін білдірді», - делінген хабарламада.
Еске салсақ, Нұрила Аманбаева такси жүргізушісін рұқсатсыз камераға түсіріп, оны құлағы естімейтінін біле тұра мазақ еткен. Кішкентай баласына шулауға рұқсат беріп, өлең айтқан. Видеоға «құлағы нашар еститін таксиге отырғанда» деп жазба қалдырған. Желі қолданушылары блогерг ескертпе жасап, оның іс-әрекетін сынады. Содан кейін блогер бейнематериалды өшіріп, кешірім сұраған болатын.
Полиция әлеуметтік желі қолданушыларын жариялайтын контентке жауапкершілікпен қарап, қоғамдағы этика, мораль және өзара құрмет қағидаларын сақтауға шақырды.