Алматыда жас футболшы матч кезінде көз жұмды: дәрігерлер қазасына қатысты мәлімдеме жасады
Дәрігерлер матч кезінде көз жұмған жас футболшының өліміне қатысты мәлімдеме жасады.
Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы матч кезінде көз жұмған жас футболшының қазасына қатысты ресми мәлімдеме таратты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
"Ауруханаға түскен сәтте науқастың тамыр соғысы мен қан қысымы анықталмады, қарашықтары кеңейген. Дәрігерлер дереу реанимациялық шараларға кірісті. Барлық мүмкін әдістер қолданылып, 30 минут бойы өмірін сақтап қалуға әрекет жасалды. Алайда, көрсетілген медициналық көмектерге қарамастан, биологиялық өлім тіркелді", - делінген ресми хабарламада.
Қайғылы жағдайдың нақты себеп-салдарын анықтау мақсатында марқұмның денесі сот-медициналық сараптамаға жіберілді.