Мәдениет

«Бұл – сезім»: Дариға Бадқыова қуанышты жаңалығымен бөлісті

Дариға Бадықова миссия орындалғанын айтып, қуанышты жаңалығын жеткізді.

Белгілі продюсер Дариға Бадықованың «Ыстық ұя» фильмі 1 миллиард теңге касса жинады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Актриса көрерменге алғысын білдірді.

 «Ыстық ұямыз» миллиард жинады. “Бауырыма көлік сыйладым”, “Бір үйден 10-15 адам келдік”, “Анамды құшақтап жыладым”, “Бауырыммен қауыштым”….көөөп шынайы неше түрлі хаттар толастамай күнде келді. 

Ыстық ұя – жай фильм емес. Бұл – сезім. Бұл – сағыныш. Жүректерге жетсінші, жүректер қозғалсыншы деп түсірілген фильм еді… Талай суық жүректі жылытты, талай қатты жүректі жібітті. Бұдан артық жетістік жоқ. Миссия орындалды», – деп жазды Д.Бадықова.

Еске салсақ, бұған дейін Дариға Бадықованың «Таптым-ау сені» дебюттік продюсерлік жобасы да 1 миллиард теңге касса жинаған болатын.