Қоғам

«Жігітпен бес жылдай кездесіп жүрген»: Алматы облысында 21 жастағы қыздың өліміне қатысты тың дерек шықты

Алматы облысында жертөледен мәйіті табылған 21 жастағы қыз туралы мәлімет пайда болды.

Алматы облысында 21 жастағы қыздың өлімі бойынша күдікті ретінде оның жігіті ұсталды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бойжеткеннің мәйіті екі күн бұрын өз үйінің жертөлесінен табылған.

Қайғылы жағдай Қаскелең қаласында болған. Көршілерінің айтуынша, бойжеткен жігітімен кездесуге шыққан бойы үйіне қайта келмепті. Ертесі анасы іздеу салып, полицияға хабарлайды.

Маңайдағы камералар тексерілген. Марқұмның мәйітін сол күні түнгі сағат үш шамасында әлдекім сүйреп әкеліп, үйінің жертөлесіне тастап кеткен көрінеді. Күдікті ретінде деп 20 жастағы жігітпен марқұм бес жылдай кездесіп жүрген. Көршілерінің айтуынша, екі жақ етене араласып, тойға да дайындалған. Қазір осы жағдайға қатысты полицейлер тергеу жүргізіп жатыр.

«Жігіті екен ғой деп айтып келгенді естідік. Шынын білмейміз, кім екенін. Ашық қыз болатын, сөйлесіп, амандасып кететін. Сонысын ғана біледі екенбіз»,- дейді Роза Қалбекова КТК арнасына берген сұхбатында.