Алматыда Мәдениет басқармасына жаңа басшы келді
Дархан Сатыбалдының өкімімен Мәдениет басқармасына жаңа басшы тағайындалды.
Алматы әкімі Дархан Сатыбалдының өкімімен Мәдениет басқармасының басшысы болып Данияр Әлиев тағайындалды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі қала әкімдігіне сілтеме жасап.
Данияр Абзалиденұлы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін "Тарих" мамандығы бойынша және "Алматы" университетін "Құқықтану" мамандығы бойынша тәмамдаған. Гуманитарлық ғылымдар магистрі.