«38 миллион теңге»: Гүлзира Айдарбекова су жаңа көлігін көрсетті
Гүлзира Айдарбекова өзіне көлік сыйлады.
Қайрат Нұртастың анасы, продюсер Гүлзира Айдарбекова өзіне су жаңа көлік сатып алды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Қымбат көлігін желідегі парақшасында көрсетті.
“Өміріміз оза берсін, көлігіміз тоза берсін. Лүпіл басқан оқырмандарыма жұғысты болсын”, – деп жазды продюсер.
Желі қолданушылары көліктің қымбат тұратынын айтып, таңқалуда.
“Ақтауда 3 бөлмелі пәтер келеді”, “Біз де Гүлзираның жолымен жүрейік”, “Қазақстанда 38 миллион теңге тұратын машина екен”, “Су сабын сатып алған ақшасы шығар” деп жазды.