1 грамм – 74 804 теңге: Қазақстанда алтынның бағасы өсіп жатыр
Елімізде 1 грамм алтынның бағасы 75 мың теңгеге жуықтады.
Елімізде алтынның бір граммының құны 74 804 теңгеге жетті. Металлдың бағасы екі айдан бері тоқтаусыз өсіп жатыр. Мамандардың сөзінше, бұл қымбатшылыққа әлемдегі күрделенген геосаяси жағдайлар және Америка мен Қытай арасындағы сауда шиеленістері себеп, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Информбюро бағдарламасына сілтеме жасап.
Елдегі экономикалық тұрақсыздықтан қауіптенген кәсіпкерлер инвестициясын алтынға бағыттаған. Салдарынан сұраныс күрт артып, баға көтерілді дейді.
"Алтынның бағасы тіпті құлдырап кетуі де мүмкін. Барлығы әлемдік нарыққа байланысты. Қарапайым азаматтар жинағының бір бөлігін теңгелік депозитте немесе доллармен, ал екінші бөлігін жағдайы жетсе алтында сақтағаны жөн", – дейді экономист Марат Қайырленов.