Басты жаңалықтар
Тамара Асар: Әншілер ғылыми жұмысты атақ үшін қорғамайды
- автор kyn.kz
- 17 шілде, 2018
- 1.1k
Әнші халыққа өтініш білдірді.
Тамара Асар жуырда әріптесі Мейрамбек Беспаевқа бағытталған сынға қатысты пікір білдірді. Әншінің айтуынша, жұлдыздар ғылымға атақ үшін бет бұрмайды. Олар бірінші кезекте өз сауаттарын көтеруді мақсат тұтады, деп хабарлайды Kyn.kz ақпарат агенттігі Айта берсін бағдарламасына сілтеме жасап.
«Мен Мейрамбек жайындағы әңгімелерді естіген жоқпын. Өз басым жаңалықтардан сәл алыстау жүремін. Халыққа да, ғылыми жұмыстардың жан-жағында жүрген ұстаздарыма да кішігірім өтінішім болып тұр. Халықтың сауатын бір ғана нәрсе көтере алады. Ол - әншілерді оқыту, алдымен олардың сауатын ашу. Әншілер ғылыми жұмысты атақ үшін қорғамайды деп ойлаймын. Менің өзім жеке қызығушылықпен бастап, кейін ғылым жолына түстім. Бірақ, ғалымдармен пара-пар болып, олармен жарысамын демеймін. Бірақ менің сауаттануым міндетті. Бұл менің мойнымдағы борышым мен қарызыммен бірдей. Себебі, халықтың алдына шығамын. Ол кезде менің өзім де, сөзім де сауатты болуы керек. Яғни өнер адамдары қай кезде де оқулары керек, ғылыммен айналысулары керек», - дейді ол.
Сондай-ақ, Тамара Асар әріптестерінің ғылымдағы жетістіктері үшін тек қуанатынын жеткізді.
«Бүгінгі берер тәрбие ертең қалатын тарихтың бір бөлшегін құрайтын өнер адамдары. Сондықтан әншіден ғалым шықпайды деген әңгімелер айтылуы мүмкін. Бірақ, қалай десек те өзімнің әріптестерімнің ғылымға қарай бет бұрғандарына қуаныштымын. Қай кезде де ең бірінші халықтың алдына саясаткер мен өнер адамы шығады. Патша сарайында да өнер адамдарын құптап, сөзін сөйлеген. Халықтың жоғын жоқтаған да сал-серілер мен әншілер. Оларға қарсы шығу – өз саясатымызға өзіміз балта шабу деп есептеймін», - деді әнші.
Автор: Kyn.kz