71 жастағы туысынан жүкті болып қалған: Түркістан облысында оқушы босанды
Түркістан облысында 15 жастағы қыз 71-дегі зейнеткерден босанды.
Түркістан облысында 15 жасар қыздың 71 жастағы туысынан жүкті болып қалған. Бұл туралы Telegram желісіндегі "Криминальный Казахстан" арнасында жарияланды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
"15 жастағы қыз көрші тұратын 71 жастағы туысынан жүкті болып қалған. Жақындарының айтуынша, олар қыздың бала көтергенін жүктіліктің жетінші айында ғана білген. Оқушы қыз ақпанда босанды. Болған жайттан кейін ауыл тұрғындары күдіктінің отбасынан ауылдан көшіп кетуді талап етті", - делінген жазбада.
Түркістан облыстық ПД баспасөз қызметі өкілдерінің NUR.KZ тілшісіне хабарлауынша, Келес ауданы тұрғынының кәмелетке толмаған қызына қатысты заңсыз әрекеттерге қатысты арызы бойынша қылмыстық іс қозғалды.