Басты жаңалықтар

Қараша айында қазақстандықтар 10 күн демала алады

Көздің соңғы айында қазақстандықтарда 10 күн демалыс болады.

Күздің соңғы – 2025 жылдың қарашасы қазақстандықтар үшін ұзартылған демалыс күндерінсіз өтеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

2025 жылдың қарашасында бес күндік жұмыс аптасы бойынша еңбек ететін қазақстандықтарды 10 демалыс күні және 20 жұмыс күні күтеді.

Ал алты күндік жұмыс аптасы барлар үшін тек жексенбі күндері демалыс болады — барлығы 5 демалыс және 25 жұмыс күні.

Қараша айында мереке күндерін ауыстыру қарастырылмағандықтан, кесте бұрынғыдай қалыпты тәртіпте болады: ұзартылған демалыс күндері көзделмеген.

Мемлекеттік мерекелер болмағанымен, қараша айы кәсіби мерекелерге бай. Қазақстанның түрлі салаларында маңызды күндер атап өтіледі:

* 5 қараша – Сыртқы барлау күні;

* 8 қараша – Статистика қызметкерлері күні;

* 10 қараша – Цифрландыру және ІТ саласы қызметкерлері, сондай-ақ бухгалтерлік есеп пен аудит қызметкерлері күні;

* 15 қараша – Қаржы жүйесі қызметкерлері күні және Ұлттық валюта күні;

* 15 қараша (қарашаның үшінші сенбісі) – Бұрғышы күні;

* 16 қараша (қарашаның үшінші жексенбісі) – Ауыл шаруашылығы, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күні;

* 18 қараша – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органдарының күні.

Бұдан бөлек, 11 қарашада Қазақстанда Энергия үнемдеу күні аталып өтеді.