Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қызылорда облысында ұлын басқа баламен төбелестірген әкеге айыппұл салынды

Қызылорда облысында ұлын басқа баламен төбелестірген әкеге айыппұл салынды
Сурет: mgorod.kz
Қызылорда облысында ұлын басқа баламен төбелестірген ер адамға 137 мың теңге айыппұл салынды.

Қызылорда облысында ер адам ұлын басқа баламен төбелестірген. Іс Арал аудандық сотында қаралып, әкеге 137 мың теңге көлемінде айыппұл салынды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Соттың мәліметіне сүйенсек, ер адам футбол алаңында ойнап жүрген ұлын басқа біреудің кәмелетке толмаған баласымен төбелестірген. Сот бұны «кәмелетке толмаған баланы әкімшілік құқық бұзушылыққа итермеледі» деп бағалаған.

«Сотта ер адам кінәсін толық мойындап, әрекетіне өкінетінін, кәмелетке толмаған алты баласы барын айтқан. Сот осы мән-жайларды ескере отырып, ер адамға 137 мың теңге айыппұл салған», - деп хабарлайды Қызылорда соттары.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар