Басты жаңалықтар

Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшері белгілі болды

Еліміздегі зейнетақының орташа мөлшері - 142 810 теңге.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстандағы зейнетақының орташа мөлшерін жариялады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Жыл басынан бері қазақстандықтарға 3,1 трлн теңгеден аса зейнетақы төленген. Оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге 1 трлн 22,1 млрд теңге және ынтымақты зейнетақы төлеуге 2 трлн 136 млрд теңге бағытталған.

1 қазандағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны - 2 млн 510 мың адам.

"1 қазандағы жағдай бойынша республикалық бюджеттен төленетін жиынтық зейнетақының орташа мөлшері - 142 810 теңге, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері - 95 249 теңге, базалық зейнетақы мөлшері - 47 561 теңге", - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, 1 қыркүйектегі жағдай бойынша Қазақстандағы орташа зейнетақының жалпы мөлшері 142 894 теңгені құрады, оның ішінде ынтымақты зейнетақы 95 326 теңге, базалық зейнетақы 47 568 теңге болды.