«Кәпір қауымға ұқсап қалудан сақтандырған»: ҚМДБ хэллоуин мерекесіне қатысты мәлімдеме жасады
ҚМБД хэллоуин жын-жыбырлардың мерекесі екенін айтты.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) хэллоуин мерекесіне орай мәлімдеме жасады. Бұл мерекені тойлаудың ислам дініндегі үкімі туралы айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
ҚМДБ мәліметінше, шариғат бойынша мұндай мерекелерді тойлауға тыйым салынған.
“Түп тамырын ежелгі Ирландия мен Шотландиядан алынған жын-жыбырлылардың мерекесі хэллоуин біздің дінімізге де, қазаққа да үш қайнаса сорпасы қосылмайтынын айтпаса да түсінікті. Шариғатымыз мұндай мерекелерге тыйым салады. Себебі Пайғамбарымыз (с.а.у.) кәпір қауымға ұқсап қалудан сақтандырған. Ибн Омардан жеткен хадисте Пайғамбарымыз (с.а.у.): “Кімде-кім бір қауымға ұқсағысы келсе, ол солардан болады”-деді”, – делінген хабарламада.