Қызылорда облысында әйелінің киімін өртеп тастаған ер адам сотталды
қызыорла облысында ер адам жанжал шығарып, әйелінің киімін өртеді.
Қызылорда облысында ер адам мас күйінде әйеліне былапыт сөз айтып, отбасының берекесін қашырған, тіпті, ұрыс кезінде әйелінің киім-кешегін өртеген, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Сырдария ауданының соты азаматты соттады. Ол 5 күн қамалады, одан кейін 3 ай бойы ішімдік ішпей, есірткі тартпауы керек.
«Азамат кінәсін мойындады. Сот оны 5 тәулікке әкімшілік қамаққа алды. Сот азаматтың мінез-құлқына 3 ай мерзімге алкогольдік ішімдік ішуге, есірткі, психотроптық заттарды қолдануға толық көлемде тыйым салуды міндеттейтін ерекше талап белгіледі», - деп хабарлайды соттың баспасөз қызметі.
Зәбір көрген әйел күйеуінің бұл әрекетін кешірмейтінін айтқан.