"Тұман, жаңбыр, көктайғақ". 26 қазанға арналған ауа райы болжамы шықты
- автор kyn.kz
- Бүгін, 18:41
- 1
Болжамға сәйкес, еліміздің солтүстігінде, шығысында, орталығында, оңтүстігінің таулы аймақтарында жауын-шашын болады, негізінен жаңбыр жауады.
Қазақстанның батысында, солтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
Республика бойынша түнде және таңертең тұман, орталықта түнде көктайғақ болады, оңтүстікте күндіз найзағай ойнап, еліміздің оңтүстігінде, шығысында жел екпін алады деп болжанады.
Маңғыстау, Ұлытау облыстарында, Атырау облысының солтүстік-шығысында, оңтүстік-шығысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, Жамбыл облысының орталығында, солтүстігінде, Қызылорда өңірінің орталығында, Алматы, Қарағанды облыстарының батысында, Қостанай және Ақмола облыстарының оңтүстік-батысында, Абай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қауіп күтіледі.
Қызылорда, Түркістан облыстарында, Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында, Жамбыл облысының батысында, солтүстігінде, Ақтөбе өңірінің батысында, солтүстік-шығысында, орталығында, Алматы облысының солтүстігінде, Қостанай облысының оңтүстігінде және Ұлытау облысында төтенше өрт қаупі күтіледі.



