Қоғам

"Қазавтожол" үш облыстың жүргізушілерін сақ болуға шақырды

Алдағы күндері қар аралас жаңбыр және қар жауады деп болжанып отыр.

"Қазавтожол" компаниясы ауа райының бұзылуына байланысты үш облыстың жүргізушілерін жолда барынша мұқият болуға шақырды.

Компания мәліметіне сәйкес 2025 жылдың 25-27 қазаны аралығында Алматы, Жетісу және Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде қар аралас жаңбыр және қар жауады деп болжанып отыр.

"Сол себепті жүргізушілерге жылдамдық режимі мен қауіпсіз арақашықтықты қатаң сақтап, жолдардағы ауа райының қолайсыздығын ескеруді сұраймыз", - деп жазылған хабарламада.

"Қазавтожол" мамандары 1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болатынын еске салды.