Шымкентте мерекеде атылған отшашудың соңы өртке ұласты
Шымкентте атылған отшашудан өрт шықты.
Шымкенттің Нұрсат шағынауданында 25 қазан кешінде отшашу кезінде құрғақ шөпке от тұтанып, өрт шықты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
Төтенше жағдай 23:42-де тіркелген. Оттың шығуына мерекелік отшашудың ұшқындары себеп болғаны айтылады.
Өрттің жалпы аумағы — 250 шаршы метр.
Қалалық ТЖД мәліметінше, өртті сөндіруге 18 өрт сөндіруші, 4 арнайы техника жұмылдырылған.
Өрт 23:50-де толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.