Қоғам

Түркістан облысында сотталушы ауруханадан қашып кетті

Полиция ем қабылдап жатып қашып кеткен сотталушы ұстады.

Түркістан облысында ем қабылдау кезінде сотталушы ауруханадан қашып кеткен, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

23 қазанда Түркістан облысындағы медициналық мекемеде ем алып жатқан айыпталушы ауруханадан өз бетімен кетіп қалған. Полиция департаментінің мәліметінше, ол Түркістан қаласында танысының үйінен табылған.

"Ұсталған адам тергеу изоляторына қамалды. Қазір барлық мән-жайды анықтауға бағытталған қажетті процессуалдық шаралар жүргізіліп жатыр. Алдын ала тергеу басталды", - делінген Түркістан облысы полиция департаментінің хабарламасында.

Сотталушыны ұстау үшін полиция блокпосттар орнатқан.