Тоқаев Абзал Нүкеновті Президент әкімшілігіндегі қызметінен босатты
Тоқаев Президент әкімшілігіндегі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісін қызметінен босатты.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Абзал Нүкенов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Ақорда сайтына сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысының өкімімен Абзал Нүкенұлы Нүкенов Президент әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды", - делінген Ақорданың хабарламасында.
Ақорда сайтындағы мәліметке сүйенсек, Абзал Нүкенов 1978 жылы 21 шілдеде Жетісу облысында дүниеге келген.
Үйленген, үш баласы бар.
2000 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «саясаттану» мамандығы бойынша тәмамдаған. Саясат ғылымдарының кандидаты.
Еңбек жолын 2000 жылы "Отан" республикалық саяси партиясының орталық аппаратында идеологиялық жұмыс бөлімінің консультанты болып бастаған. Кейін осы бөлімде жаппай саяси жұмыстар секторының меңгерушісі болып қызмет атқарған.