Басты жаңалықтар

«Қар аралас жаңбыр»: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Алдағы үш күнде еліміздің кейбір өңірінде қар аралас жаңбыр жауады.

Алдағы үш күнде елімізде ауа райы бұзылып, кейбір өңірлерде жел күшейеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі. 

"Қазгидромет" болжауынша, алдағы үш күнде жаңбыр жауып, жел күшейеді.  Әсіресе елдің батыс аймақтарында күн суытады.

Ал солтүстікте, орталықта және шығыста осы күндері жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек 30 қазан күні күндіз жаңбыр солтүстік өңірлерге де жетеді. Оңтүстікте жаңбыр жауады, ал таулы аймақтарда түнде қар аралас жаңбыр болады.

Түнгі және таңертеңгі уақытта ел аумағында тұман түсуі мүмкін.

Күндізгі ауа температурасы көтеріледі:

  • – Солтүстікте: +10…+15°C;
  • – Орталық пен шығыста: +10…+18°C;
  • – Оңтүстікте: +20…+28°C;

Ал батыс және оңтүстік-шығыс өңірлерде температура +9, +17°C шамасында болады.