Түркияда 6,1 балдық жер сілкінісі болып, ғимараттар қирады
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 09:11
- 68
Түркияның батыс бөлігінде магнитудасы 6,1 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Жерасты дүмпуінің эпицентрі Балыкесір провинциясында, шамамен алты шақырым тереңдікте болған. Жергілікті БАҚ жер сілкінісі салдарынан ғимараттар қирағанын хабарлады. Оқиға орнында төтенше қызмет өкілдері жұмыс істеп жатыр.
Anadolu Ajansı агенттігінің мәліметінше, жер сілкінісі Ыстамбұл, Измир және өзге де қалалардың тұрғындарына сезілген.
“Балыкесир провинциясының Сындыргы ауданында болған, көрші өңірлерде де сезілген жер сілкінісінен зардап шеккен барлық азаматтардың тез сауығып кетуін тілеймін. Төтенше жағдайлар басқармасы және басқа да тиісті қызметтер оқиға орнында мұқият тексеру мен бақылау жұмыстарын жүргізіп жатыр”, – деді Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған.
Сондай-ақ, жағдайды үкіметтің жіті бақылап отырғанын мәлімдеді.
Елдегі Денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, барлығы 19 адам жарақат алған, оның төртеуі ауруханадан шығарылды.




