Семей колониясында төтенше жағдай деген ақпарат тарады: бір адамның қайтыс болғаны расталды
Семей түрмесінде сотталған адам қайтыс болды.
Семейде колониялардың бірінде төтенше жағдай болғаны туралы сыбыстар тарады: қолданушылар сотталғандардың бірі қаза тапқаны жайлы жазып жатыр. Бұл ақпаратқа қатысты Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті (ҚАЖК) пікір берді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде Семейдегі түзеу мекемелерінің бірінде төтенше жағдай болғаны туралы жазбалар тараған еді. Жазба авторларының айтуынша, колонияда сотталған адам қаза тауып, тағы тоғыз адам жарақаттармен ауруханаға жеткізілген, ал екі адаммен байланыс жоқ. Сотталғандардың туыстары ресми ақпарат берілмей отырғанын айтқан.
Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті сотталғандарды жаппай ауруханаға жеткізу туралы ақпаратты жоққа шығарды.
"Зорлау қылмысы үшін жазасын өтеп жатқан тұтқын денсаулығы нашарлағанына шағымданып, мекеменің медициналық бөліміне жүгінген. Тексерістен кейін оған алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, жедел жәрдем шақырылды. Алайда қабылданған шараларға қарамастан, сотталған адам ауруханада көз жұмды", – деп хабарлады ҚАЖК.
Ведомство жалған ақпарат таратқандардың жауапкершілікке тартылатынын ескертті және тек ресми дереккөздерге сенуге шақырды.