Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Алматыда шетел азаматтары террорлық акт жасауды жоспарлаған

Алматыда шетел азаматтары террорлық акт жасауды жоспарлаған
Сурет: t.me/knbgov_kz
ҰҚК Алматыда шетелдік 5 азаматтық террорлық акт жасауды жоспарлағанын мәлімдеді.

Алматыда бес шетелдік азамат террорлық акт жасауды жоспарлаған. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті мәлімдеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

ҰҚК осы жылдың қыркүйегінде жоспарлаған террорлық актісінің алдын алған.

"Олардың барлығы қамауға алынып, тергеу жүргізілуде", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, ҰҚК мәліметінше, биыл қыркүйек пен қазанда терроризмді насихаттады деген күдікпен қылмыстық істер аясында 8 қазақстандық қамауға алынды. Ведомство өкілдері Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес тергеп-тексеру барысы туралы ақпаратты жария етпейтінін мәлімдеді.

Сол кезеңде ҰҚК материалдары бойынша 6 адам террористік және экстремистік қылмыстар жасағаны үшін түрлі мерзімге бас бостандығынан айырылған.

Ал жыл басынан осындай қылмыстары үшін 89 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды, оның алтауы шетелдіктер.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар