«Маған ешқандай марапат жоқ»: Мөлдір Әуелбекова атақ алуға қатысты айтты
Мөлдәр Әуелбекова өзіне ешқанадй марапат бұйырмағанын жазды.
Әнші Мөлдір Әуелбекова Республика күніне орай алған марапаттарға қатысты өз ренішін айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
«Барша өнер майталмандарын марапаттарымен құттықтаймын! Әсіресе, өзімнің апайларымды! Әбден лайықтысыздар! Маған ешқандай марапат жоқ. Сол үшін әкемнен әдемі гүл шоқтары! Рақмет, пап! Ал ең керемет марапат – сіздердің қолдауларыңыз», – деп жазды әнші.
Желі қолданушылары әншіге қолдау білдіріп, ол халықтың ықыласына бөленген әртіс екенін айтып жазуда.
«Саған халық әлдеқашан ықыласын беріп қойған»,
«Сіз ең жоғары марапатқа лайықсыз» деп жазды олар.