Қоғам
Ақтауда тұрғын үйде газ баллон жарылды: бес адам ауруханаға түсті
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 13:22
- 56
Ақтауда газ баллон жарылып, бес адам зардап шекті.
28 қазан күні таңертең Ақтаудағы тұрғын үйдің жертөлесінде газ баллон жарылып, бес адам ауруханаға түсті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі «Лада» сайтына сілтеме жасап.
Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне сүйенсек, газ баллоны бүгін 28 қазан күні, таңғы сағат 09:03-те жарылған.
«Әсия» тұрғын үй кешеніндегі жертөледе баллон жарылған. Оқиға орнына 11 құтқарушы мен 4 техника келді», - деп хабарлайды Маңғыстау облысының ТЖД.
Ал, облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сүйенсек, жарылыстан бес адам жараланған. Олардың екеуі - бала.
«2010 жылы және 2015 жылы туған екі бала ауруханаға түсті», - деп хабарлайды басқарма.
Жараланғандардың денсаулығына қатысты әзірге ақпарат жоқ.




