Бектенов "Самұрық-Энерго" басшысына ұзақ баяндама оқығаны үшін ескерту жасады
Олжас Бектенов "Самұрық-Энерго" АҚ басқарма төрағасына 16 минуттық баяндамасынан кейін ескерту жасады.
Премьер-министр Олжас Бектенов "Самұрық-Энерго" басшысына тым ұзақ баяндама үшін ескерту жасады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Үкімет отырысында премьер-министр Олжас Бектенов "Самұрық-Энерго" АҚ басқарма төрағасы Қайрат Мақсұтовқа 16 минуттық баяндамасынан кейін ескерту жасады.
"Баяндамаңыз тым созылып кетті ғой. Қысқа да нұсқа баяндау керек. Уақытты үнемдейік", - деді Бектенов.
Бүгін Үкіметтің күн тәртібі - электроэнергетика саласын дамыту және цифрландыру мәселелері.
Қайрат Мақсұтов — "Самұрық-Энерго" АҚ басқарма төрағасы. Ол "Самұрық-Қазына" қорының құрылымына кіретін Қазақстандағы ең ірі энергия өндіруші компанияны басқарады.