Қоғам

Желіде ЛГБТ-ны насихаттау заңмен қудалануы мүмкін

ЛГБТ бойнша заң нормасы қабылданды.

       Енді ЛГБТ-ны әлеуметтік желіде насихаттау заңмен қудалануы мүмкін. Бүгін Мәжілістің жұмыс тобы дәстүрлі емес жыныстық бағдар бойынша заң нормасын қабылдады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

      «Мәдени шараларда, әдебиетте, басқа да көпшілік шараларда зорлық-зомбылықты, жалпы порноны насихаттау заңмен қудаланады деген мәселе бар. Соның ішінде, қосымша, басқа жынысты бағытталған немесе педофилияны дәріптеу заңмен қудаланады дегенді енгіздік. Жұмыс тобының көптеген мүшелері осы норманы қабылдады, қолдады», - дейді Мәжіліс депутаты Еділ Жанбыршин.

      Әзірге бұл заң емес. Жұмыс тобынан кейін Мәжіліс талқысына түсуі керек.

      Айта кетейік, бір жыныстыларды насихаттауға қарсы бұған дейін петиция да жарияланған. 50 мың адамның дауысынан кейін мәселені депутаттар қарап, оны қолдап отыр. Енді Парламенттен қолдау тапса, астыртын насихатқа түбегейлі тыйым салынбақ. Халық қалаулылары мұндай әрекеттің алдын алмасақ, қоғамға іріткі салып, мемлекетке қауіп төндіретін жағдайға жетті дейді.

     «Біз заң арқылы соған тосқауыл болу керек екенін түсінетін уақыт жетті. Сондықтан, әріптестер, ештеңеден жасқанып, қорқатын уақыт жоқ. Бізге халық тағдыры қымбат, болашақ ұрпақтың салауаты қымбат. Бүгінде әй дейтін әже, қой дейтін қожа жоқ, олардың тайраңдауына еш мүмкіндік бермеуіміз керек», - дейді Аманжол Әлтаев, Мәжіліс депутаты

.